Группы

Пользователи
Статус группы: Открытая группа
Участники группы: 7
Поиск
Публикации группы
63 ауылдық мектеп мұғалімдеріне арналған семинар материалдары_қыркүйек - қараша 2023 г.
Әр сессия материалдары және жұмыс дәптері.
5-6 сессиялардың материалдары. Әріптестер, сіздерге оқыту семинарының 5-6 сессияларының материалдарын жүктеп отырмын. Бұл материалда сіздер кино және театр өнерінің көркем құралдары арқылы оқушыларда эмоциялық интеллект дағдысын дамыту туралы кеңірек біле аласыздар.
Эстетикалық циклдегі пәндер арқылы оқушыларда Эмоциялық және әлеуметтік дағдыларды дамыту.
Құрметті әріптестер, Сіздерге «Эстетикалық циклдегі пәндер мазмұны арқылы оқушыларда эмоциялық және әлеуметтік дағдыларды дамыту» тақырыбы аясында өткізілген оқыту семинарының материалдарын жіберіп отырмын. 1-2-3 сессиялардың материалдары жүктелді. Бұл материалдарды өзіңіз ғана қолдана аласыз, өзгелерге немесе әлеуметтік желілерге таратуға тыйым салынатындығын ескертемін.
Әлемдік картиналардың қоры. Wikiart сайты
Құрметті, әріптестер Сіздермен «Көркем еңбек» оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру үшін пайдалы электрондық ресурспен бөліскім келеді. Бұл электрондық ресурстан бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары, стильдері мен бағыттарына қарай түрлі әлемдік суретшілердің репродукцияларын көріп, жүктей аласыздар. Сайтқа сілтеме: https://www.wikiart.org/ru
«Көркем еңбек» пәніндегі оқу мақсаттарын дифференциациялық оқыту арқылы іске асырудың ерекшеліктері
Құрметті әріптестер, сіздерге көркем еңбек пәнінде саралап оқытудың әдіс тәсілдері көрсетілген әдістемелік материалды жүктеп отырмын. Бұл мастер-класстың материалы арқылы сіздер саралап оқыту дегеніміз не? Саралап оқытудың әдістері туралы ақпарат алып, саралаудың мысалдарын көре аласыздар. Саралап оқытудың мысалдарын өз сабақтарыңызға икемдеп, қолдануларыңызға болады. Жүктелген материал бойынша қосымша туындаған сұрақтарыңызды осы форумда қоя аласыздар.