А.Байтұрсынұлының еңбектеріндегі қоршаған орта, табиғат, ғылым туралы мәтіндерін жаратылыстану сабағында тиімді қолдануға болады. Топырақтың қасиеттерін тәжірибе арқылы оқып үйренгеннен кейін, «Жер құйқасы» мәтінімен жұмыс арқылы бекітуге болады. Сонымен қатар мұндай жұмыс оқу сауаттылығын дамытуға ықпал етеді.